Жетісу облысында көлік апатынан екі айда 20 адам қаза тапты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында республикалық мәндегі жолдарда соңғы екі айда көлік апатынан 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Крис-П» фоторадар жылжымалы кешенін пайдалану өңірдің автожолдарындағы апатты азайтуға көмегін тигізді. Бүгінгі таңда Жетісу полициясының базасында 8 «Крис-П» кешені бар.

Талдауға сәйкес, 26-31 қазан аралығында патрульдік полиция қызметкерлері Крис-П фоторадарын пайдаланған республикалық трассаларда жылдамдықтың артуына байланысты бірде-бір ЖКО тіркелген жоқ. Сонымен қатар, соңғы екі айда (көрсетілген апталық кезеңді есептемегенде) республикалық автожолдарда 42 жол көлік оқиғасы тіркеліп, онда 20 адам қаза тауып, 73 адам түрлі дене жарақаттарын алды.

«Жол-көлік оқиғаларының көпшілігі жылдамдықты арттырудан орын алатының ескерткіміз келеді. Бір апта ішінде Крис-П фоторадарлары жылдамдықты бұзудың 276 дерегін тіркеді. Облыс полицейлері ауа райының нашарлауын ескере отырып, көлік жүргізушілерінен жол ережесін қатаң сақтауды, рұқсат етілген жылдамдық режимінен аспауды сұрайды«,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.