Жетісу облысында көлік тасымалдап бара жатқан эвакуатор өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жетісу облысында Тау асуында жеңіл автокөлік тасымалдап бара жатқан эвакуатор өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Автокөлік 23 желтоқсанда Кербұлақ ауданындағы Арқарлы тау асуында (Алматы-Өскемен автожолының 144 км) өртенген. «Hyundai Genesis gv80» автокөлігін тасымалдаған «Mercedes Bens sprinter» эвакуаторынан өрт шыққан»- деп хабарлайды Жетісу облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Болжам бойынша, өртке көліктің техникалық ақауы себеп болған.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.