«Прокуратура талдауларымен 850 мың гектар пайдаланылмаған жайылымдық және егістік жер анықталды. Прокурорлық қадағалау актілері нәтижесінде мемлекетке 67 мың гектар жер қайтарылды»,- деді Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев.
Қазір қалғандары бойынша жұмыс жалғасуда.
Мадияр Басшыбаевтың сөзінше, осы салада орын алған бұзушылықтар бойынша 10 лауазымды тұлға мемлекеттік қызметке кір келтірген теріс қылығы үшін жауапқа тартылды.
Оның үшеуі – аудан әкімінің орынбасары, екеуі – ауыл әкімдері, қалғаны – аудан деңгейіндегі бөлім басшылары.