Жетісу облысында мотоцикл қаққан 11 жасар қыз бала мерт болды
23:38, 14 Маусым 2023
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында баланы мотоцикл жүргізушісі қағып, мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қайғылы оқиға 14 маусымда Ескелді ауданында болды.
Ешкіөлмес ауылында 11 жасfh қыз баланы спорттық мотоцикл қағып кетті.
Жарақатпен ауруханаға түскен жәбірленуші аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде есін жимай көз жұмды.
Сонымен қатар, полицейлер осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін азаматтарды жол ережесін мүлтіксіз сақтауға шақырады.
Автокөлікті/мотоциклді басқару кезінде мұқият және сақ болуды еске салады.