Жетісу облысында республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал» жолы жабылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал» жолы жабылды. Ол аймақта жөндеу жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Казахавтодор» ЖШС облыстық филиалының хабарлауынша, бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты 13 шілде күні сағат 09:00-дан бастап бұл бағытта қозғалыс тоқтайды.

«Сарыөзек-Көктал» Республикалық маңызы бар автожолының қайта жаңарту учаскесінің 45-68 км аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды»,- делінген Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жетісу облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала түзетуді, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.