Жетісу облысында шаруа қожалығының иесінен үш қару табылды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат. - Жетісу облысында бұрын сотталған адамнан екі мылтық пен винтовка тәркіленді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл факт Ақсу ауданында тіркелді. Онда жергілікті полицейлер «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасының барысында шалғайдағы шаруа қожалығын тексерді. 48 жастағы иесінен заңсыз сақталған үш қару табылып, тәркіленді.

«Ер адам бұрын қылмыстық жауапқа тартылған. Оның шаруа қожалығының аумағындағы тұрғын үй құрылыстарының бірінен 5,6 мм калибрлі ТОЗ винтовкасы, сондай-ақ 20 және 12 калибрлі, бір қосауыз мылтық және екіншісі бір ұңғылы мылтық табылды. Қару тәркіленіп, баллистикалық сараптама тағайындалды», - деді Ақсу ауданының полиция бөлімінің бастығы Ернар Ширбаев.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 287-бабына сәйкес (Қаруды заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) жүргізіледі.