Жетісу облысында төрт түліктің мойнына түнде жанатын бау тағып жатыр
Жетісу облысында түнде жол бойында жүретін жылқылардың салдарынан көлік апаты көбейіп, олардың кейбірінің соңы кісі өліміне де әкеліп жатады. Осы жайттың алдын алу мақсатында Ақсу ауданының прокурорлары төрт түліктің мойнына түнде жанатын арнайы бау тағуды ұсынды.
«Биыл Ақсу ауданы аумағында 14 жол көлік оқиғасы болса, оның ішінде 11 көлік оқиғасы малды қағумен байланысты болып отыр. Былтыр осындай 15 оқиға болды. Алматы-Өскемен республикалық жолының бойында яғни, Қызылағаш пен Сағабүйен ауылдарының шаруа қожалықтарымен дөңгелек үстел өткізіліп, малдарына жарықты шағылыстыратын бауды кигізу ұсынылды. Олар ұсынысты қабылдады», - деді Ақсу ауданы прокурорының міндетін атқарушы Әділет Сабырбаев.