Жетісу облысында трактор аударылып, бір адам көз жұмды

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Жетісу облысында трактор аударылып, ауыл тұрғыны қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz cайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жол-көлік оқиғасы 20 қазан күні Кербұлақ ауданы Шаған ауылында болған. Тракторды 51 жастағы ер адам басқарған. Ол Қонаев көшесінде рульге ие бола алмай, көліктің аударылып кетуіне жол берген. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Осы факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.



Фото: polisia.kz