Жетісу облысындағы балалар ауруханасында сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
12:55, 11 Қазан 2022
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Жетісу облысындағы көпсалалы балалар аурухасында сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аурухана қызметкерлеріне бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылып отыр.
«Сотқа дейінгі тергеу бюджет қаржысын жымқырды деген факті бойынша жүріп жатыр. Өзге ақпараттар Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201 бабына сәйкес жария етілмейді»,- делінген Жетісу облыстық экономикалық тергеу департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ал аталған балалар ауруханасының қызметкерлері 5 айдан бері зейнетақы мен медициналық аударымдардың түспегеніне шағымдануда.