Жетісу облысының екі ауданында тұрғындар жарықсыз қалды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Жетісу облысының екі ауданында тұрғындар жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«12 тамыз күні сағат 12:32-де (Қаратал ауданында) және сағат 15:15-те (Ескелді ауданында) ауа райының құбылуына байланысты электр желілерінде ақау пайда болып, нәтижесінде ПС -152, ПС-48 апатты жағдайда өшті. Қазіргі уақытта мамандар желілерді қайта іске қосу жұмыстарын жүргізуде»,- делінген Жетісу облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жетісу облысының Ескелді ауданында қатты жауын салдарынан 50 тұрғын эвакуацияланғанын хабарлаған болатынбыз.