Министр атап өткендей, Жетісу облысындағы экологиялық жағдай салыстырмалы түрде қолайлы. Облыста ластаушы заттар шығарындыларының нақты көлемі 10,8 мың тонна болған, бұл – өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға (10,1 мың тонна) төмен. Бұған табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру арқылы қол жеткізілді.
Сондай-ақ, Алматы облысы бойынша Жол картасы аясында қаралған 8 іс-шараның 6-уы Жетісу облысына тиесілі. Мәселен, өткен жылы Талдықорған қаласының, Көксу және Ескелді аудандарының 6 қазандығы газға ауыстырылды. Ескелді ауданының кәріз желілері мен тазарту құрылыстарын қайта жаңарту жұмыстары жүргізіләп жатыр. Талдықорған қаласының LED-экрандарында Қазгидромет ұсынатын атмосфералық ауаның сапасы туралы ақпарат орналастырылады.
Аймақ әкімінің орынбасарына арнаған сөзінде министр облыстардың бөлінуін ескере отырып, алдағы қараша айының соңына дейін жұртшылықпен бірлесіп, Жетісу облысының экожүйесін жақсарту бойынша жеке жол картасын әзірлеу қажеттігін атап өтті.