ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысы Алакөл ауданындағы «Достық» станциясына жақын маңдағы өрт сөндіру жұмысы әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірдің төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілердің жалынға қарсы күресіп жатқанына бүгін төртінші күн. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, таулы аймақтағы «Кендір Сақал» учаскесіне тік ұшақтармен 84 тонна су төгілді.
Бүгін таңертең өрт ошақтарын анықтау үшін МИ-171 тікұшағымен комиссиялық бақылау жүргізілді. Шамамен 70 гектар аумақта 10 жердің бықсып жатқаны анықталды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, өртті сөндіруге 232 адам, 2 тікұшақ, 26 техника, 60 аспалы бүріккіш және 11 жылқы жұмылдырылды.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.