«Жетісу» сырт алаңда «Каспийден» басым түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 15-турында «Жетісу» сырт алаңда «Каспийден» басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екінші ойын күнінде «Каспий» (Ақтау) мен «Жетісу» (Талдықрған) командалары кездесті.

Бұл кездесуде екі команда тартысты ойын өткізді. Жылдам соғуға тырысты. Десе де өз мүмкіндігін мүлт жіберіп алды.

Ойынның 34-минутында «Каспий» сапынан Дархан Бердібек есеп ашты.

Ойынның екінші кезеңінде «Жетісу» таразы басын теңестіруге ұмтылды. Нәтижесінде 55-минутта Иван Брикнер көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ал 79-минутта Никола Цуцкич соққан гол талдықорғандық клубқа жеңіс алып келді.

Осылайша «Каспий» қарсыласына 0:1 есебімен жол берді.

Еске салсақ, аталған турда 15 шілдеде «Атырау» мен «Ордабасы» 1:1, «Мақтарал» мен «Қайсар» 2:2 есебімен тең түсті.

Ал «Оқжетпес» «Қайратқа», «Шахтер» «Ақтөбеге» 0:1 есебімен жол берді.

Бұл турдағы «Аксу» (Павлодар облысы) мен «Астана» кездесуі 24 мамырда өткізіліп, елордалық команда 1:0 есебімен басым түсті.

Енді 27 қыркүйекте «Қызылжар» (Петропавл) мен «Тобыл» (Қостанай) жасыл алаңға шығады.