Жарыстың салтанатты ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімі Амандық Баталов жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар сәйгүліктеріне үміт артып келген барлық атбегілер мен шабандоздарға жеңіс тіледі.
Бағдарлама бойынша тай жарыс, құнан бәйге, топ бәйге, жорға аттар жарысы және 21 шақырымға аламан бәйге ұйымдастырылады. Сонымен қатар қыз қуу, теңге ілу, көкпар тарту ойындарын да көрермендер ризашылықпен тамашалады.
Аламан бәйгенің 1-орын жүлдегеріне 1,5 млн. теңге ақшалай сыйлық тігілуде. Жалпы жарыстың жүлде қоры - 8 млн. теңге.