Жетісуға келген алтайлықтар Астананың 20 жылдығын тойлады
Алтайдан Алатауға бет алған славян өкілінің бірі Сергей Мозговой. Ағашқа жан бітірген шебер бірнеше туындысын Текеліге арнайы алып келіп, көрмеге қойды. Барнауылдан келген қонақ 14 жасынан бастап ағаштан түйін түюге машықтанғанын айтады. Сөзінше, оның кей туындылары Ресей Президентінің жеке мұражайында сақталған.
«Ұлтаралық, этносаралық достықты нығайту. Әр ұлттың өзінің мәдениетін, жазбасын, тарихын, салт-дәстүрін дәріптеу, соны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру. Соның арқасында ұлттардың арасында қарым-қатынасты, достықты нығайту болып табылады», - деді Текелі қаласының әкімі Бахтияр Өнербаев.
Ресей славяндары Астананы жас қала ретінде танитындарын айтады. Алыстан болса бас қаласының қарыштап дамуына куәміз, - дейді Алтайдан келген қонақтар.