«Жетісулық» қыздар Индонезияда өтіп жатқан клубтық Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

None
АЛМАТЫ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Индонезияның Шығыс Ява қаласында әйелдер арасындағы клубтық Азия чемпионатының жартылай финалдық ойындары өтіп жатыр.

Онда «жетісулықтар» Жапонияның «Марвелус», ал Қытайдың «Федербрауы» Таиландтың «Тианжин Бринджстоун» клубтарымен кездеседі. Нелли Щербакова жаттықтыратын талдықорғандық қыздар ширек финалда кеше тайпейліктерді 3:1 (25:12, 25:20, 20:25, 25:12) ұтқан болатын.

Маусымның 26-сы күні басталған бұл дүбірлі доданың ақтық сыны ертең өтеді. Жалпы бұл жарысқа Вьетнам, Жапония, Индонезия, Иран, Қазақстан, Қытай, Оңтүстік Корея, Тайланд, Тайпей және Солтүстік Корея чемпионатының жеңімпаздары қатысуда. Н. Щербакованың шәкірттері Азия чемпионаты қарсаңында «Тайланд ханшайымы кубогында» жарыс қожайындарына ғана есе жіберіп, жүлделі екінші орынды жеңіп алған еді.