Осы науқанға жеңіл атлетикадан халықаралық санаттағы спорт шебері Биебай Тілемісов те белсене атсалысуда.
Марафоншы алдағы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына өзінің 300 шақырымдық он екі күндік жүгірісін арнады. Оның жүгіріс бағыты Үшарал -Қызылащы -Қабанбай- Көлбай -Қойлық -Абай -Алмалы - Сарқан - Жансүгіров -Сағабиен -Қызылағаш елді мекендері арқылы өтті. Кеше спортшы Талдықорған қаласында мәре сызығын аттады.
Жүгірістер арасындағы демалыс кездерінде Биебай Тілемісов ауылдықтарды азаматтық ұстанымын көрсетіп, 3 сәуір күні өздерінің таңдауларын жасауға шақырды.