Польшаның Познан қаласында «Лех» командасымен болған алғашқы ойында 0:2 есебімен жеңіліс тапты.
Талдықорғандықтардың бас бапкері Слобан Крчмаревич: «Лех» туралы бар білетінім - олар өте мықты команда. 2010 жылы ел чемпионы атанған. Бүгінде өз елінде үздік үштікке кіреді. Оларда қазір үзіліс. Ал бізде футболдың қызып тұрған шағы. Бұл біздің басты артықшылығымыз.
Бізде проблема жетерлік. Маусымаралық үзіліс кезінде жастар құрамасымен болдым да, клубтағы жаттығу жұмыстарының барысын көмекшім жүргізді. Бұл дайындығымызды кішкене кешеуілдетіп тұр. Прогресіміз өте баяу. Дегенмен, әр ойын сайын күшейіп келе жатқан сияқтымыз. Тағы бір кемшілігіміз - гол соғу проблемасы. Егер өз мүмкіндіктерімізді толық жүзеге асыра алсақ, онда әр ойында бірнеше голдан соғар едік. Алайда, чемпионатта болсын, еурододада болсын, өзімізді әлі көрсетеміз», - деген еді. Дегенмен 12 шілдеде өз алаңындағы қарымта кездесуде «жетісулықтардың» есе қайтаруға әлі мүмкіндігі бар. Бұл үшін ең кем дегенде қарсыласын 3 доп айырмасымен ұтуы керек. Егер жеңіске жетсе, келесі кезеңде 19, 26 шілде күндері Әзірбайжанның Ленкорань қаласының «Хазар» мен Эстонияның Таллин қаласының «Номме Калью» командалары арасындағы ойындардың жеңімпазымен кездеседі.