«Жетісулықтар» Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХІХ ел чемпионатының 1-турында үздік шықты

АЛМАТЫ. 210 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 1-туры ойындары аяқталды.

Желтоқсанның 15-і күні Октябрь Жарылқапов атындағы спорт залында басталған бұл жарыста барлық ойында қарсыластарын ойсырата ұтқан Алматы облысының («Жетісу») волейболшылары 10 ұпаймен турнир кестесінде үздік шықты. Олардан Қарағанды облысының ("Қарағанды") спотршыларыының - 1, Павлодар облысы ("Ертіс-Қазхромы") спортшыларының - 2 ұпайы кем. Ал "алматылықтар" төртінші, "астаналықтар" бесінші, теміртаулықтар («Металлург АМТ») алтыншы орында тұр. Бұл додада "қарағандылықтар" "жетісулық" құрдастарына ғана ұтылды (0:3). Жарыс қожайындары болса, Астана (3:2) мен Теміртау қалаларының (3:1) спортшларынан басым түскенмен, облыстан келген 2 қарсыласынан жеңіліс тапты.