Есептеулер көрсеткендей, мұндай сенсорлардың (түйсіктердің) оңтайлы жиынтығы бес емес, жеті жеке сезімді қамтиды, деп мәлімдеді «Сколтехтің» баспасөз қызметі.
— Адам жадында сақталатын жеке ұғымның саны көп болған жағдай — әрқайсысына жеті, бес немесе сегіз емес, дәл жеті белгі сәйкес келеді. Адамның сезім мүшелеріне қатысты бұл қорытындыны тым байыппен қабылдаудың қажеті жоқ, бірақ робототехника мен жасанды интеллект теориясында бұл пайдалы болуы мүмкін, — деді Сколтех жасанды интеллект орталығының профессоры Николай Бриллиантов, оның сөзін оқу орнының баспасөз қызметі келтірген.
Ғалымдардың айтуынша, оларды көптен бері адамның және басқа тірі жаратылыс жадының негізгі бірліктері — энграммалар қалай құрылғаны және мидағы қай бөліктер оларды қайта жаңғыртуға жауапты екені қызықтырып келеді. Дәстүрлі түрде энграммалар — бірқатар белгілермен сипатталатын идеалды абстрактілі объекті ретінде қарастырылады. Мысалы, «банан» ұғымы — бұл жемістің визуалды бейнесі, иісі, дәмі және сезім мүшелерінен алынған басқа да ақпаратпен байланысты.
Мамандарды көптен бері энграммалар қалай қалыптасады және сыртқы әлемнен келетін түрлі әсерлер нәтижесінде қалай өзгереді деген сұрақ алаңдатып келеді. Бұл — ақпарат пен ұғымдарды меңгеру және ұмыту механизмдерін зерттеу үшін маңызды. Осы процестерді зерттеу үшін ғалымдар жадтың математикалық моделін жасап, түрлі жағдайларда энграммалардың күйінің қалай өзгеретінін бақылады.
Зерттеушілердің айтуынша, жеті саны концептуалды кеңістіктің ерекшеліктеріне және сезімдік әсерлерді тудыратын сыртқы стимулдарға тәуелсіз түрде анықталады. Ғалымдардың пікірінше, бұл сан — жадыдағы энграммалардың сенімді және тұрақты сипаттамасы болып табылады, сондықтан ол автономды роботтар мен адамның жадысына ұқсас жүйелері бар жасанды интеллекттерді әзірлеу кезінде ескерілгені жөн.
Айта кетейік, Қазақстанда жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады.