Жетісайдағы демалыс саябағы сатылымға шықты

Фото: Фото: e-auction.e-qazyna.kz

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Жетісай қаласындағы саябақ сенімгерлік басқаруға беріледі. Сауда саттық 24 желтоқсан күні сағат 10:00 басталады. Кепілдік жарна: 4 699 350,00 теңге. Қазіргі кезде электрондық сауда алаңында өтінім қабылдау жұмыстары жүріп жатыр. Конкурс жеңімпазы 8 гектардан астам жерді 15 жылға сенімгерлік басқаруға алады.

Жетісайдағы бассейні бар орталық саябақтың жалпы ауданы 17 гектарды құрайды. Аудан әкімдігінің мәліметінше, 2022-2023 жылдары аумақтың жартысы қайта қалпына келтірілген. Алайда саябақтың 8 гектардан астам жері өзгеріссіз қалып, кейіннен сатып алу құқығынсыз конкурсқа шығарылып отыр.

Фото: e-auction.e-qazyna.kz

Ережеге сәйкес, конкурсқа жалғыз қатысушы түссе де өтті деп танылады. Ал, сенімгерлік басқаруға алушы тек 15 жыл ғана иелік етеді. Ал, кейіннен сатып алуға құқы жоқ. 

Фото: e-auction.e-qazyna.kz

Тендерлік конкурстың шарттарына тоқталсақ:

Конкурс жеңімпазы нысанды негізгі мақсаттарға сәйкес пайдалануға; Нысанды Қазақстан Республикасының барлық құрылыс, өрт қауіпсіздігі, санитарлық, экологиялық нормаларына келтіруге және объектінің сақталуын қамтамасыз етуге; Объектіні сенімгерлік басқарушының қаражаты есебінен қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге;

Жетісай қаласының тұрғындарын тарта отырып, еңбекті қорғау жөніндегі нормаларды сақтай отырып, жаңа жұмыс орындарын құруға;

Коммуналдық қызметтер бойынша барлық міндеттемелерді орындауға; Объектінің сақталуын қамтамасыз етуге; Кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқару мерзімі ішінде инвестициялар салуға және саябаққа қосымша балалар ойын алаңдарын орнатуға;

Нысанды кейінгі сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру кезеңі ішінде туындайтын салықтық міндеттемелерді уақтылы орындау;

Сенімгерлік басқаруға берілген мерзім ішінде нысанға 300 000 000 теңге инвестиция құюға;

Жаңа аттракциондардың орналасу жобасының әзірленуін, келісуін, бекітілуін қамтамасыз ету және оған қажетті рұқсат беру құжаттарын алынуын қамтамасыз ету және келісім шартқа тұрған мерзімнен бастап 1 жыл ішінде жаңа аттракциондардың 50 % қосылуын қамтамасыз етуге міндетті.

Фото: e-auction.e-qazyna.kz
Фото: e-auction.e-qazyna.kz

Еске сала кетейік, Павлодар әуежайы жеке меншікке өтетінін жазған болатынбыз.