— Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы абайсызда 2 адамның өліміне алып келген сотталушылардың кінәлі екендерін дәлелдеді. 29.04.2025ж. сот өрт қауіпсіздік талаптарының ережелерін сақтамай, екі адамның өмірлерін алып кеткен қылмыс жасаған «JOL YRYSY» ЖШС-нің жүргізушісі және оның басқарушы директорына әрқайсысына 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазаларын тағайындады, — делінген хабарламада.
Келтірілген моральдық және материалдық шығын ішінара өтелді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, Астана прокуратурасы «Керуен» сауда, ойын-сауық орталығының жанындағы жер теліміне қатысты мәміленің заңдылығын тексеріп жатыр.