Жетісу облыстық прокуратурасы таратқан мәліметке сүйенсек, 2017 жылдың наурыз айында лауазымды тұлға бір топ адамдармен 24 миллион теңге көлеміндегі ұрлыққа қатысты қылмыстық іс аясындағы заттай дәлелдемелерді ұрлаған.
Қылмыс жасағаннан кейін полиция қызметкері 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болған. Ал оның сыбайластары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
- Сот полиция қызметкерін ҚР ҚК-нің 362-бабына сәйкес (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) кінәлі деп тауып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды, - делінген хабарламада.
Еске салайық осыған дейін Талдықорғандағы заңсыз келісім: домофон қызметіндегі тарифтік қитұрқылық туралы жазғанбыз.