Жетісу облысы Алакөл ауданында элеватор өртенді
07:30, 09 Наурыз 2024
АСТАНА. KAZINFORM - Жетісу облысы Алакөл ауданында элеватор өртенді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
"Жетісу облысы Алакөл ауданында, шаруа қожалығының аумағында 5 тонна жүгері мен астық кептіру элеваторы өртенді.
Өрттің алдын ала себебі — электр қозғалтқышының тұйықталуы. Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ" делінген ТЖМ хабарламасында.