Жетісу облысы дін істері басқармасына жаңа басшы келді

Фото: Фото: Жетісу облысының әкімдігі

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - Жетісу облысы әкімінің өкімімен Жаңабай Сағыныш Асқарұлы облыстық дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Жаңабай Сағыныш Асқарұлы 1994 жылы туған. Жоғары білімді. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін дінтану, Шымкент университетін құқық мамандықтары бойынша бітірген. 

Еңбек жолын Алматы қаласында «Consig Liere» ЖШС-нің менеджері болып бастады. Әр жылдарда «Алматы облысының дін істері басқармасы» ММ «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-ның инспекторы, дінтанушысы, түрлі бөлімдерінің бастығы, директорының орынбасары, директоры лауазымдарын атқарды. 

2023 жылдың қазанынан Жетісу облысы Талдықорған қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болды.