Дәулет Кенжеханұлы 1975 жылы туған.
Білімі жоғары.
Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бухгалтерлік есеп, бақылау және шаруашылық қызметін талдау мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын әуелі Көксу ауданындағы «Каблиса» өндірістік кооперативінде, кейін «Көксу-Шекер» ААҚ бухгалтер болып бастады.
Түрлі жылдары Көксу ауданы әкімінің көмекшісі, Лабасы ауыл округінің әкімі, Көксу ауданы әкімі аппаратының жетекшісі қызметін атқарды.
2014 жылдың наурыз айынан бері Жетісу облысы Көксу ауданы әкімінің орынбасары лауазымында.