Нұрбол Төлендіұлы 1989 жылы туған. Жоғары білімді. Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін көлік, көлік техникасы және технологиясы, Д.Қонаев атындағы көлік құқық гуманитарлық университетін құқықтану, Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын құрылыс мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қазақстан Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Алматы облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің жетекші маманы болып бастап, кейін бас маманы болды.
Әр жылдары Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.
2022 жылдың қаңтарынан Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы болды.