Облыстағы электрондық өтінімдер бойынша рұқсат берілген 2 мыңға жуық көлік агрегаттық тексеру және салыстырудан өтіп, оның ішінде 1974 автомобиль тіркелген.
«Өңір жолдарында жүрген шет елдік көлік құралының ішінде 427 авто уақытша тіркеуде. Мәлімет бойынша Армения – 46, Ресей – 423, Қырғызстан – 507, Беларусь – 1, Грузия – 1, Корея - 1, Дубай – 3, Моңғолия – 1, Америка – 1, сондай-ақ, пайдалану құқығына берілген сары нөмірі бар 37 автокөлік тіркеуге қойылды. Сонымен қатар осы жылдың мамыр айынан бастап 486-ға жуық автоконструктор көліктерін заңдастыру да жүзеге асуда», - дейді Жетісу облысы Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасұлан Байкенов.