Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, аталған жерлер ұзақ уақыт бойы игерілмеген және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған. Учаскелердің кадастрлық құны 170 млн теңгеден асады.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган жер заңнамасын бұзғаны үшін жерді мемлекетке қайтарған.
«Биыл мемлекетке барлығы 500 млн теңгеден астам сомаға 53 мың га жер қайтарылды»,-делінген хабарламада.