«ҚР АШМ ЖРБК Жетісу облысының Жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында жоғарыда аталған жер учаскелері берілген сәттен бастап мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталды», — делінген хабарламада.
Департамент жол берілген бұзушылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қабылдады.
Алайда, ЖШС нұсқаманың орындалуын елемеді. Жетісу облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы шешім қабылданды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жетісу облысында білім бөлімінің үш бухгалтері 34 млн ақша жымқырғаны үшін істі болғанын жазған едік.