Жетісу облысында 7 дәріхананы заңсыз тексерген полицейлер жауапқа тартылды

Фото: Фото: ҚазАқпарат

Жетісу облысының полиция қызметкерлері кәсіпкерлерге қатысты тексеру жүргізуге мораторий жарияланғанына қарамастан, тиісті актіні енгізбей, Талдықорған қаласы мен Ескелді ауданының 7 дәріханасын тексерген.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өз әрекеттерінің заңсыздығына қарамай, полиция аталған кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы материалдар жинаған (дәрі-дәрмектерді рецептсіз босату) және фармацевтикалық бақылау саласындағы уәкілетті органға жолдаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша іс-қимылдардың заңсыздығын ескере отырып, тексеру іс-шаралары заңсыз, ал олардың нәтижелері жарамсыз деп танылды.

Кінәлі полицейлер тәртіптік жауапқа тартылды.