Жетісу облысында Ащыбұлақ су қоймасынан заңсыз балық аулағандар ұсталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM- Жетісу облысы полиция департаменті Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы»ның «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызметімен бірлесіп өткізген рейдтік іс-шаралар барысында, Ескелді ауданы Ащыбұлақ су қоймасынан заңсыз балық аулаған екі азамат ұсталды.
Фото: Жетісу облысы ПД
Облыстық полиция департаментінің жариялаған мәліметіне сүйенсек ұсталған азаматтардың бірі 62 де екіншісі 31 жаста. Құзырлы орган өкілдері броконьерлерді сол жерден ұстап, олардан заттай дәлелдемелер ретінде: 25 балық, тор және үрлемелі қайық тәркілеген.
Полиция заңсыз балық ресурстарын аулағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Фото: Жетісу облысы ПД сайтынан
Еске сала кетейік бұған дейін Жетісу облысндағы Қызылтас петроглифтері мемлекет қорғауына алынғаны туралы жазғанбыз.