Жетісу облысында ауа райының нашарлауына байланысты жол жабылды
00:48, 02 Наурыз 2026
АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
2026 жылғы 2 наурыз сағат 00:45-те ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма ауылынан Достық станциясына дейін) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Жолды 2026 жылғы 3 наурыз сағат 10:00-де ашу жоспарланған.
Айта кетелік еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланған еді.