Жетісу облысында ауыл әкімінің көлігі баланы басып кетті

Фото: Kazinform

Жетісу облысының Ескелді ауданы аумағында жол-көлік оқиғасы болып, мектеп жасындағы бала оқиғаға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform. 

Биғаш ауылының маңындағы жолда қатты жылдамдықпен жүрген көлік 12 жастағы оқушыны қағып кеткен. Нәтижесінде бала тіл тартпай кетті.

Оқиға орнына келген полиция хаттама толтырып, анықтау амалдарын жүргізгенімен, көлік тізгініндегі әйел адамды босатып қоя берген.

Кейіннен баланы басып кеткен автокөліктің Кербұлақ ауданындағы Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бақтияроваға тиесілі екені анықталды.