Жетісу облысы Сарқан ауданының прокурорлары балалардың құқықтарының бұзылғанын анықтады.
Мәселен Қазақстан Республикасы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 128-бабының талаптарын бұза отырып, ұйымның бухгалтерлері борышкерлердің жалақысынан 7 баланы асырау үшін алимент ұстамаған.
Қарыз сомасы 553 мың теңгені құрады.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша балаларға арналған қаражат аударылып, бухгалтерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының прокуролары алиментті қасақана төлемеушілердің жасырын кірістерін анықтағанын жазған болатынбыз.
Алиментшілер балаларына көп миллиондық қарызы бар бола тұра, букмекерлік кеңселерде құмар ойындарға көп ақша салып, өз міндеттемелерін елемейтіні анықталған еді.