Жетісу облысында имамдар жаппай аттестациядан өтіп жатыр

Фото: Фото: ҚМДБ

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Аттестаттау имамдардың білім деңгейін анықтап, біліктілігін арттыру мақсатында өтті. Оған 27 азамат қатысты. 

Енді нәтижесі шыққан жағдайда имамы жоқ мешіттерге қызметке жіберіледі. 

Айта кетейік, өңірдегі 12 ауылдық мешітте имам жоқ. Сондықтан, Нұр-Мүбәрәк университетін және медресе бітірген түлектерді жұмыспен қамту көзделіп отыр.

Сондай ақ, білікті имамдар корпусын қалыптастыру мақсатында дін істері басқармасының тапсырысымен шілде айында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында имамдарды оқыту курсы басталды.

Бұған дейін Қостанай облысының бас имамы мас болып көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалғанын хабарлаған едік.

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы мас күйінде ұсталған Қостанай имамын жұмыстан шығарып, елден кешірім сұрады.

Күні кеше Қостанай облысына жаңа бас имам тағайындалды.