Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына дереу құтқарушылар шықты. Олар қалың қарға кептеліп қалған 1 техника мен ондағы адамдарды шығарып алды. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Азаматтар ең жақын елді мекенге жеткізілді.
«Қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды және дауылды ескертулер мен жолдардың жабылуы туралы SMS алған кезде алыс жолға шықпауды сұраймыз»,-деп жазады ҚР ТЖМ өкілдері.