Жетісу облысында қайықтағы адамдар құтқарылды

Фото: Фото: ТЖМ

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — ТЖМ Жетісу облысында қайықтағы адамдар құтқарылғанын мәлімдеді.

«Бүгін Ақши ауылында ТЖМ қызметкерлері Алакөл көлінің жағалауынан 12 шақырым қашықтықта 3 ер адамды құтқарып, жағалауға жеткізді. Олар жүзу құралының қозғалтқышының ақаулығынан қайтып келе алмаған.

Медициналық көмек қажет болмады», — деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.