Жетісу облысында қызылша жұқтырғандар көбейді

Жетісу облысында қызылша жұқтырушылар саны азаймай отыр. Дәрігерлердің дерегі бойынша ауру белгілері 308 тұрғыннан анықталып, оның ішінде 223 адамның қызылша жұқтырғаны расталды, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: pixabay

Қазір өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып тұр және әкімшілік аумақтардың елді мекендері бойынша инфекция әртүрлі қарқынмен таралуда.

- Облыста қызылшаның алғашқы белгілерімен 308 жағдай тіркелді, оның ішінде 223 жағдай расталды. Негізінен 63,4% аурушаңдық вакцинацияланбаған адамдар арасында тіркелуде. Жұқпа ошақтарында қызылшаға қарсы екпеден бас тартқан адамдар өздерінің туыстары мен жақындарының қызылшаға шалдығу көзіне айналды. Сондықтан профилактикалық егулерді жүргізу үшін салмақты және ақылға қонымды шешімдер қабылдауды ұсынудамыз, - дейді Жетісу облыстық санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев.