Жетісу облысында қоқыс шығару қызметінің құны төмендетілді
АСТАНА.KAZINFORM — Жетісу облысының прокурорлары қоқыс шығару қызметін пайдаланатын 10 мыңнан астам тұтынушының құқығының бұзылғанын анықтады.
Текелі қаласы мәслихатының шешімімен коммуналдық қалдықтардың түзілу нормаларын, халыққа жинау және тасымалдау тарифтерін бекіту кезінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен бекітілген (14.09.2021ж. № 377). «Есептеу әдістемесінде» көзделген формуланы қолдану бөлігінде заң бұзылған.
— Қадағалау актісі бойынша жеке тұрғын үйлердің тұрғындары үшін қоқыс шығару қызметтерінің құны 152,69 теңгеге (391,39-дан 238,7 теңгеге дейін), ал абаттандырылған үйлер үшін 7,22 теңгеге (238,7-ден 231,48 теңгеге дейін) төмендетілді, — делінген прокуратура хабарламасында.
10 625 қала тұрғындарының құқығы қорғалды.
Бас прокуратура алаяқтар хабарласса не істеу керектігі жөнінде кеңес айтқан еді.