АСТАНА. KAZINFORM — Жетісу облысында республикалық маңызы бар «Көкталға кіреберіс — Жаркент — Қорғас» автожолының Үшарал және Диханқайрат ауылдары арасындағы учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс қайта жанданды.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
— 2026 жылғы 1 тамыз сағат 23:00–де республикалық маңызы бар KZ 05-02 «Көктал — Жаркент — Қорғас» автожолына кіреберіс автомобиль жолының 313–319 шақырым аралығындағы учаскесінде (Үшарал ауылы — Диқанқайрат ауылының түйісуі) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылды, — делінген хабарламада.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысындағы республикалық жолдың бір бөлігінде 1 айға қозғалыс шектелгенін хабарлағанбыз.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.