Жетісу облысында медицина қызметкерлері азаматтардың құқығын бұзған

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - Прокурорлардың мәліметінше, медициналық ұйымдар 3-4 топтағы онкологиялық диспансерлік есепте тұрған науқастарды медициналық- әлеуметтік сараптамаға жібермеген. Осылайша 18 адам мүгедектігін рәсімдей алмай, әлеуметтік жәрдемақыдан қағылған.

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Конституцияның 28-бабы мемлекеттің мүгедектік мәртебесі бар азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде төлем алуға кепілдік береді. Осы заңды ескермей азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру құқығын бұзғаны үшін 3 медицина қызметкері жауапкершілікке тартылды.

«Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес барлық бұзушылықтар жойылды, барлық адамдар медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілді. Олардың екеуі әлеуметтік төлемдерді тағайындау арқылы мүгедектік мәртебесін алды», - дейді Жетісу облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік бұған дейін қазақстандықтардың неліктен өз елінде емес, шетелде онкологиялық терапия мен хирургиялық емделгенді қалайтынын жазған болатынбыз.