Жетісу облысында монополист жауапкершілікке тартылып, жылу тарифі төмендетілді
22:20, 01 Шілде 2025
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Жетісу облысында жылу тұтынушыларының құқығы қорғалып, монополист жауапкершілікке тартылды.
Жетісу облысының прокурорлары негізсіз көтерілген жылу тарифтерін төмендетуге қол жеткізді.
«Талдықорғанжылусервис» МКК заңды тұлғалар үшін жылу тарифін қалыптастыру кезінде шығындарға енгізілген барлық қаражатты жұмсамаған.
— Талдықорған қаласы прокуратурасының қадағалау актісімен 7,8 млн теңгеден астам сомаға уақытша өтемдік тариф енгізілді. Нәтижесінде тариф 77 теңгеге дейін төмендетілді, 1971 тұтынушының құқығы қорғалды, — делінген хабарламада.
Монополист әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетелік Ыстық су тарифі 6,2% төмендеп, инфляция деңгейі 11,8% болғаны туралы жазған едік.