Жетісу облысының прокурорлары негізсіз көтерілген жылу тарифтерін төмендетуге қол жеткізді.
«Талдықорғанжылусервис» МКК заңды тұлғалар үшін жылу тарифін қалыптастыру кезінде шығындарға енгізілген барлық қаражатты жұмсамаған.
— Талдықорған қаласы прокуратурасының қадағалау актісімен 7,8 млн теңгеден астам сомаға уақытша өтемдік тариф енгізілді. Нәтижесінде тариф 77 теңгеге дейін төмендетілді, 1971 тұтынушының құқығы қорғалды, — делінген хабарламада.
Монополист әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетелік Ыстық су тарифі 6,2% төмендеп, инфляция деңгейі 11,8% болғаны туралы жазған едік.