Жетісу облысында монша өртеніп, 22 адам эвакуацияланды

Фото: Видеодан алынған скрин

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Жетісу облыстық ТЖД-ға Талдықорған қаласындағы Желтоқсан көшесінде орналасқан монша кешенінің шатыры өртенгені туралы хабар түсті.

Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті. Өрт сөндірушілер келгенге дейін ғимараттан 22 адам, оның ішінде 15 келуші өздігінен эвакуацияланған.

- Өрт сөндіру бөлімшелерінің үйлесімді іс-қимылының арқасында жалынның жақын орналасқан ғимараттарға таралуына жол берілген жоқ. Жалпы 600 шаршы метр аумақтағы өрт толық сөндірілді, - делінген ақпаратта.

Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау және төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажеттігін ескертеді.

Айта кетейік, Алматыда өрт шыққан балалар үйінен 35 адам эвакуацияланды.