Жетісу облысында науқастарға тиесілі дәрі-дәрмек жылдар бойы қорапта жатқан

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Апатты ғимаратта шашылып жатқан препараттар мен медициналық аппараттар Текелі қаласындағы ауруханаға тиесілі екен. Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбадан ғимараттың қабырғалары опырылып тұрғанын, онда түрлі дәрі-дәрмектің шашылып жатқаны анық байқалады. Видео авторының сөзінше, онда жарамдылық мерзімі өтпеген дәрілер де бар.

Фото: Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы

Бейнежазбадан арнайы тізімге енген «Трамадол», құтыдағы ампициллин, коронавирус кезінде қолданатын арнайы жабдықтарды байқауға болады. Сондай-ақ, жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер де бар көрінеді. 

Еске салайық бұған дейін Талдықорғанда тұңғыш рет жіті лейкоз қатерлі ісігіне шалдыққан науқастың жазылып шыққанын жазғанбыз.