Бұл жағдай ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында талқыланды.
Жетісу облыстық полиция департаменті аталған деректі растады.
«Талдықорған қалалық полиция басқармасының қызметкерлері аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Іс материалдары бойынша күдікті — кәмелетке толмаған қыздың 21 жастағы туысы», — деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бірқатар сараптама тағайындалып, қорытындысы күтіліп отыр.
Іс облыстық тергеу басқармасының ерекше бақылауында.