Қазіргі уақытта 1 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 1 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Kazinform «Қазавтожол» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жетісу облысында «Үшарал-Достық» автожолында 84-184 км, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейін 100 км жерде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 330 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.