Жетісу облысында төрт жылда ет өндірісі 11,6%-ға артты

АСТАНА. KAZINFORM - Жетісу облысы құрылғаннан бері өңірде мал шаруашылығы саласында тұрақты өсім байқалады.

Фото: АШМ

Соңғы 4 жылда ет өндірісі 11,6%-ға, сүт өндірісі 5,8%-ға, жұмыртқа өндірісі 7,7%-ға артқан. Бүгінде салада 3 мыңнан астам шаруашылық жұмыс істейді, олардың мыңға жуығы асыл тұқымды мал өсірумен айналысады.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірдегі жалпы мал басы 2,6 млн-ға жуықтаған. Оның ішінде 541 мыңы — ірі қара мал, 1,7 млн-ы — ұсақ мал, 228 мыңнан астамы — жылқы.

Биыл мал басын 9,3%-ға ұлғайтып, 121 мың тонна ет, 232 мың тонна сүт және 350 млн дана жұмыртқа өндіру жоспарланып отыр. 2026 жылдың басынан бері қуаттылығы 29,3 мың басқа арналған 72 бордақылау алаңында 19,7 мың бас ірі қара бордақыланып, тірі салмақта 23,4 мың тонна ет өндірілді.

Айта кетелік Астанаға 12 елдің азық-түлік және тамақ өнеркәсібінің өкілдері жиналады.