Оқыс оқиға Жетісу облысы Сарыөзек ауылында болған.
15 жастағы жасөспірім қараусыз қалған ғимаратта достарымен жүрген кезде, оның үстіне бетон плитасы құлаған.
— ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына жетіп, құтқару зембілі мен сатының көмегімен жасөспірімді жерге түсіріп, одан әрі медициналық көмек көрсету үшін «103» қызметінің қызметкерлеріне тапсырды, — делінген ТЖМ хабарламасында.
Айта кетелік ТЖМ қазақстандықтарды «дабыл сөмкесін» дайындап қоюға шақырды.